19 Қаң 2023
Жаңалықтар

Хабарлама

«Алақай» бөбекжай-бақшасы МКҚК жайлы хабарлама

(бөбекжай проблемасы) 

«Алақай» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  2010 жылдың қараша айында «Балапан» бағдарламасы аясында ашылды. «Алақай» бөбекжай-бақшасы Ырғыз ауданы, Аманкөл ауылы, Тель Жаманмұрынов көшесі 12 ғимаратта орналасқан. Аманкөл ауылы аудан орталығынан 18 км жерде орналасқан.

Бөбекжай-бақша 2010 жылдан бастап 1 топпен жұмыс жасап келеді. Бөбекжайда 25 бала тәрбиеленіп отыр

«Жұлдыз» тобында 1 жастан 5 жасқа дейінгі аралықтағы бүлдіршіндерді қабылдайды. Жыл сайын 5 жасқа толған балалар Тел Жаманмұрынов атындағы орта мектебіне шығарып салып отырады.

Бөбекжай-бақшаның мақсаты:  Әр баланың жеке тұлғасының дамуы үшін қолайлы жағдайлар құру, олардың эстетикалық, психологиялық қолайлылығы мен дене дамуын нығайту, балалар мүддесі мен ата-аналар сұранысына орай олардың қабілеттерін дамыту, мектепке оқытуға дайындық  болып табылады. 

Қазіргі кезде «Алақай» бөбекжай-бақшасында 6 педагог,  оның ішінде 1 меңгеруші, 1 психолог, 4 тәрбиеші балаларға тәлім-тәрбие береді. Педагог кадрлардың  үшеуі жоғары білімді, үшеуі арнаулы орта білімді. Мектепке дейінгі тәрбие мамандығын  бітірген  төрт педагог бар.  ІІ санатты үш педагог, санаты жоқ  үш педагог бар. 11 қызметкер жұмыс жасайды. Қызметкерлер 0,5 штат бірлігімен  және 0,25 штат бірлігімен  жұмыс жасайды.  

.  Ғимараттың ауқымы 1742 шм, іші кең, таза,  электр тоғымен жылынады. 24 кв электр кателі 2017 жылдан бері жұмыс жасап келеді.

Аманкөл ауылында 0-7 жас аралығында 77 бала бар. Балабақша аралас топ болғандықтан 1 мен 4 жас аралығындағы балаларды қамтиды.  Олардың 25-сі балабақшамен қамтылған. Бала 5 жасқа толғанда мектепалды даярлық тобына жіберіледі. Биылғы оқу жылында Аманкөл ауылдық округінде 4 жаста 13 бала, оның ішінде 8 бала-61%, 3 жастағы  9 бала оның ішінде 7 бала-77%, 2 жастағы  8 бала оның ішінде  7 бала-87%,  бөбекжай-бақшамен қамтылған. Жалпы алғанда 1  мен 4 жас аралығында 40 баланың 25-і, яғни 62% балабақшамен қамтылған. Қыс айларында балалардың келуі азаяды. Ғимарат салқын 2010 жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеді. Балабақшадағы балаларға пайдалануға  ойыншықтарды, бес сала бойынша көрнекіліктерді, спорт құралдарын, оқу құралдарын алуға мүмкіншілік жоқ. Ғимараттың сыртындағы ойын алаңында балалар ойнайтын сырғанақтар, круселдер, әткеншектер жоқ. Интернет жүйесі жоқ, ұялы байланыс әлсіз.

Кемшіліктерге келер болсақ  бөбекжай  2010 жылы ашылып күрделі жөндеуден өтіп пайдалануға берілді. Биыл 10 жыл болып отыр есік, терезелері жарамсыз алмастыруды  қажет етеді, ғимараттың төбесі жұқа, қыс айларында салқын болады. Жылыту жүйелерін жаңарту, техникалық базаны толықтыруды қажет етеді.

Бөбекжай меңгерушісі:                    Р.Арықбаева

 

Аудандық білім бөліміне

«Алақай» бөбекжай-бақшасынан

 

ХАБАРЛАМА

«Алақай» МКҚК мектепке дейінгі ұйымы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2018 жылғы 31 қазандағы  № 604 бұйрығы  негізінде жұмыс жасайды. Оқыту мен тәрбиелеу үрдісі ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты  негізінде  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың » негізгі ережелеріне  сүйеніп  жүргізіледі.  «Алақай» МКҚК мектепке дейінгі ұйымында, «Жұлдыз» тобы жұмыс жасайды, 25 бүлдіршін тәрбиеленуде. Топтар жиһаздармен, балалардың  жас  ерекшеліктеріне  қарай  көрнекі  құралдармен  жабдықталған.  Бөбекжайда 18 қызметкер жұмыс жасайды.  Оқу-тәрбие жұмыстарын  6 педагог атқарады.  Олардың  2-еуі жоғары білімді,  4-еуі арнаулы орта білімді.  ІІ-санатты  5 педагог кадр бар.  Педагогтардың барлығы  кадрлар  біліктілігін  арттыру  және қайта даярлау институтынан  курстардан өткен. Күнделікті ас мәзірі санитарлық нормаға сәйкес жасалып, оның дәлдігі тексеріліп, медбике қадағалап отырады.

«Алақай» МКҚК мектепке дейінгі ұйымында 2019 жылдың қыркүйек айына педагогтардан комиссия құрылып, топтардың жаңа оқу жылына дайындығы тексерілді.  Комиссия құрамында меңгеруші,  тәрбиеші  және медбике болды.

Топтардың тазалықтары мен оқу жылына дайындықтары  қаралды.  Бөбекжайдың іші-сырты  әктеліп,  сырланды.  Топағы  сүлгілер,  шкафтар,  керуеттер маркировкаланған.  Балалардың  шкафтарына  көрнекі  суреттер мен  нөмірленіп ілінген.  Бес білім беру саласы  бойынша  жабдықталды,  әлі де толықтыратын жұмыстар бар.

Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 50000  (елу мың) теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Балалардың  қауіпсіздігі  мақсатында бөбекжай  ауласындағы  ойын  алаңы тазаланып, сырланды.  Жалпы «Алақай» МКҚК мектепке дейінгі ұйымы          2019-2020  жаңа оқу жылына дайын.

«Алақай» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі:                       Р.Арықбаева.

 

Ырғыз аудандық білім бөліміне

«Алақай» бөбекжай-бақшасының

І оқу тоқсанындағы жүргізілген

Тәрбие жұмыстары бойынша

ХАБАРЛАМА

«Алақай» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2010 жылдан бастап 1 топпен жұмыс жасап келеді. Бөбекжайда

25 бала тәрбиеленіп отыр. «Жұлдыз» тобында 1 жастан 5 жасқа дейінгі аралықтағы бүлдіршіндер  қабылданады. Қазіргі кезде «Алақай» бөбекжай-бақшасында 6 педагог,  оның ішінде 1 меңгеруші, 1 психолог, 4 тәрбиеші балаларға тәлім-тәрбие береді. Педагог кадрлардың  үшеуі жоғары білімді, үшеуі арнаулы орта білімді. Мектепке дейінгі тәрбие мамандығын  бітірген  бес  педагог бар.  ІІ санатты үш педагог, санаты жоқ  үш педагог бар. 10 кіші қызметкер жұмыс жасайды.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын» басшылыққа ала отырып жұмыстар жүргізілуде

Бөбекжайдың мақсаты:  Мектеп жасына дейінгі баланың жалпы адамгершілік құндылықтарын танып, біліп, меңгеру нәтижесінде баланың жеке тұлғасын, ішкі жан дүниесін қалыптастырып, тілін жетілдіріп, өзін-өзі тануы арқылы қоршаған ортаға деген көзқарасын дамыту.

2021-2022 оқу жылында «Алақай» бөбекжай-бақшасының жылдық жұмыс жоспары құрылып, тәрбие жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс жоспарының бөлімдерінде балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту жұмыстары, төтенше жағдайлар бойынша іс-шаралар, балалармен жалпы өткізілетін тәрбиелік іс-шаралар, «Тілдер туралы» Заңы бойынша жүргізілетін жұмыстар, дене шынықтыру бойынша өткізілетін сауықтыру-шынықтыру шаралары, ашық қаралымдар жоспарлары  құрылған. Атап айтсақ «Білім күнімен», «Дос болайық бәріміз», «Кел танысайық», «Ана тілім мақтанышым», «Ұстаз ұлы есім», «Күз кереметтері», «Жемістер жыры», «Алтын күз келді, бақшама» атты тәрбие сағаттары мен ертеңгіліктер өтті. «Жұлдыз» тобының бүлдіршіндері белсене араласып,  дипломдармен марапатталды. Аудандық білім бөлімінің жоспарларына сәйкес «Мемлекеттік рәміздерді насихаттау» жөнінде іс-шаралар жоспары құрылды. «Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы» атты сурет байқауы, «Біз рәміздерді құрметтейміз» тақырыбында ертеңгілік, «Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздіктің нышаны» атты ата-аналар мен тәрбиеленушілер арасында көрме ұйымдастырылып жұмыстар жүргізілді.  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жоспары құрылды. Балаларды отанын сүюге, елге, жерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында патриоттық бағытта «Отан отбасынан басталады» тақырыбында балалармен ертеңгілік өткізілді. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін бағалай білуге, дәріптеуге, қастерлеуге баулу мақсатында тәрбиелік бағытта «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты көрме ұйымдастырылды, балалардың денсаулығын нығайту, шынықтыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында салауаттылық бағытта «Дені саудың жаны сау» тақырыбында спорттық сайыс өтті, балаларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жаман-жақсы қасиеттерді айыра білуге тәрбиелеу мақсатында «Адал болу адамдық қасиет» тақырыбында ертеңгілік өткізілді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай іс-шаралар жоспары құрылды. Тұңғыш Президент күніне орай және Тәуелсіздік мерекесіне орай жұмыстар жүргізіледі.

Бөбекжайда жоспар бойынша өткізілген іс-шаралардың суреттері  инстаграм мен фейзбук парақшаларына салынып отырылады.

 

Бөбекжай меңгерушісі:                    Р.Арықбаева

 

2021-2022 оқу жылының басталуына «Алақай» бөбекжай-бақшасының дайындығы туралы хабарлама 

«Алақай» бөбекжай-бақшасы  Ырғыз ауданы Аманкөл ауылы, Тель Жаманмұрынов көшесі 12 ғимаратта орналасқан.  «Алақай» бөбекжай-бақшасы 2010 жылы бастап жұмысын жалғастырып келеді. Жас ерекшеліктері 0-5 жас аралығында 25 баламен қамтылған. Жылу жүйесі электр  тоғымен жылынады.  2021-2022 оқу жылын  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2020 жылғы  5 мамырдағы  № 182 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»  негізінде және 2016 жылғы  12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» және 2020 жылғы 12 мамырдағы №195 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары» негізінде оқу тәрбие жұмыстары жүргізіледі.  «Алақай»  бөбекжай-бақшасында  6 педагог кадр, 10 кіші қызметкер жұмыс жасайды.  Оқу-тәрбие жұмыстарын  6 педагог кадр жүргізеді.  Олардың  3-еуі жоғары білімді,  3-еуі арнаулы орта білімді.  ІІ-санатты  3 педагог кадр бар.  Барлық  педагогтар мектепке дейінгі білімі бар мамандар. Педагогтардың барлығы  кадрлар  біліктілігін  арттыру  және қайта даярлау институтынан  курстардан өткен. Күнделікті ас мәзірі санитарлық нормаға сәйкес 10 күн сайын жасалып, бекітіледі оның дәлдігі тексеріліп, медбике қадағалап отырады.

Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 12 қаулысын басшылыққа ала отырып «Алақай» мектепке дейінгі ұйымында, кезекші топтардың жұмысы жүргізіліп  жатыр,  бір топта 15 бүлдіршін тәрбиеленуде. Санитарлық талаптардың орындалуы, әрбір бүлдіршіндердің арасында ара қашықтық сақталған. Қызметкерлердің барлығы бетперде рижімін сақтайды. Әр екі сағат сайын бөлмені желдету, бөлмені залалсыздандыру ертінділерімен жуып шығу, кварц қосу, тәңертеңгі сүзгіден өткізу, бүлдіршіндердің дене қызуын өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Шілде айында Бөбекжайда жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізілді. Бөбекжайдың іші-сырты әктеліп, сырланды, терезелері тазартылды. Бөбекжайдың сыртқы есіктеріне бақылау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жылу жүйесінің батериялары шаң-тозаңнан тазартылып, сырланып жаңартылды.

Адам денсаулығы бәрінен де маңызды сол себепті карантин режімін сақтай отырып бірлесе жұмыс жасауға баршаңызды шақырамын.  Жаңа оқу жылдырыңызға сәттілік, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға аманшылық тілеймін!

 

 

Бөбекжай-бақша меңгерушісі                          Р.Арықбаева

Жаңалыктар
Білім статистикасы
Орал қаласының білім беру жүйесінің статистикасы 2018-2020 жж. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің 2018-2019 жылдардағы негізгі көрсеткіштері.
51
Мектеп саны
125
Балабақша саны
49947
Оқушылар саны
15535
Балабақшалардағы балалар саны
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
Пайдалы ақпараттық ресурстар